"Екеуімен қатар жүрген": Қарағанды облысында қызғаншақ жігіт қызының телефонын сындырды

Опубликовано:

Ұялы байланыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысында ғашығының телефонын қызғаныштан сындырып тастаған жігіт ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 22 жастағы тұрғын арызданып хабарласқан.

Шағымданушы қыздың айтуынша, жігіті телефонын әдейі сындырған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жәбірленушінің бір мезетте қос жігітпен қарым-қатынас жасағаны белгілі болды.

Арада күн өткенде қос жігіттің бірі сүйгеніне қымбат, бағалы ұялы телефон сыйға тартқан. Оны екінші жігіт біліп, қызғаныштан телефонды сындырған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 850 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 24 жастағы қызғаншақ күдіктіні ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабына (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953322-eki-zigitpen-qatar-zurgen-qaragandy-oblysynyn-turgyny-qyzganystan-qyzynyn-telefonyn-syndyrdy/

jitsu gif