Орал маңында үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

1
Фото: Жол апаты

Орал маңында үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты. Шымкент-Самара тас жолында такси жүргізушісі жолаушылармен бірге жол жиегінде тұрған жүк көлігіне "кіріп" кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство аталған жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 9-да Меловые горки ауылының маңында болған.

"Volkswagen Sharan автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, жол жиегінде тұрған Mercedes жүк көлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан 34 және 35 жастағы екі әйел мен 46 жастағы ер адам қайтыс болды. Минивэннің үш жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендер қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953324-oral-manynda-us-adam-zantursigerlik-zol-apatynan-qaza-tapty/

jitsu gif