Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада болған жол апаты кезінде көлік аударылып қалды

Опубликовано:

Елордадағы жол апаты
Видеодан кадр: Instagram/police_nur_sultan

Нұр-Сұлтанда көлікті мас күйінде айдаған жүргізуші жол белгісіне соғылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 28 қаңтар күні сағат 05:22-де орын алған. "Honda" маркалы автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай жүріп келе жатып, жол белгісіне соғылған. Соққыдан көлік аударылып қалған.

Куәландыру нәтижесі бойынша, ер адам автокөлікті орташа ауырлықтағы мас күйінде басқарған. Дене жарақатын алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қауіпті екенін ескертеді.

"Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз және өз туған туыстарыңыздың мас күйінде көлік жүргізуіне жол бермеңіз. Сондай-ақ, осындай жол ережелерін бұзушыларды білген жағдайда 102 телефонына немесе ұялы қосымшаның көмегімен полицияға хабарлауға болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953515-elordada-oryn-algan-zol-apaty-kezinde-kolik-audarylyp-qaldy/

pixel