Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысында 28 қаңтарда үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайта оралмаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды өңірлік ТЖД Instagram парақшасында.

ТЖД-нің мәліметінше, 65 жастағы ер адам Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елдімекендерінің маңында іздестірілуде.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері, 1 кинолог және 1 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер де тартылған. Олар Жайық өзенін шолып шықпақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында полицейлер бір-бірінен 25 жыл бұрын көз жазып қалған бауырларды табыстырған еді.

Әпкесінің айтуынша, бірнеше жыл бойы жоғалған інісін өздігінен іздеп, таба алмаған. Тіпті, полицияға да хабар бермеген.

Таяуда ойламаған жерден полицияның өзі хабарласып, інісінің табылғанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953702-atyrau-oblysynda-birnese-kun-buryn-zogalyp-ketken-er-adam-izdestirilude/

pixel