Мәскеуде 22-қабаттан құлап кеткен мектеп оқушысы ғажайыптың күшімен аман қалды
Опубликовано:

Ресей астанасы Мәскеуде 22-қабаттан құлаған мектеп оқушысы ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қазір оқушы дәрігерлердің бақылауында.
"Загорьевской көшесінде 22-қабаттың терезесінен мектеп оқушысы құлап кетті. Ол аман. Қазір дәрігерлердің бақылауында, тексеріс басталды", - деп келтіреді басылым дереккөздің сөзін.
Сонымен бірге, оқушы қыздың ауыр жарақат алмағаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда 5 қабаттан құбыр арқылы түспек болған қыздың көз жұмғанын жазған едік.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткеннің аяғы тайып кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953749-maskeude-22-qabattan-qulap-ketken-mektep-oqusysy-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy/