Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: Қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының аумағында болған жол апаты екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. Ведомство мәліметінше, 31 қаңтар күні түскі уақытта Чапаев-Казталов автожолының 15-шақырымында жол көлік оқиғасы тіркелген.

"ВАЗ-2107" мен Toyota Camry көліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Алты адам түрлі жарақат алды. Олардың бірі нәресте. Жарақат алғандар трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өңірдің полиция департаменті "ВАЗ-2107" көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, Toyota Camry көлігімен соқтығысқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953909-bqo-da-eki-zenil-kolik-betpe-bet-sogysty-qaza-tapqandar-bar/

pixel