Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қоқыс контейнерінен көрпеге оралған әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы полицияға хабар 1 ақпан күні таңертең түскен.

Жангелдин көшесінің бойынан өтіп бара жатқан тұрғын қоқыс жәшігінен көрпеге оралған әйелдің денесін байқап қалған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері марқұмның шамамен 35 жастағы әйел адам екенін анықтаған.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылған еді.

Алдын ала болжам бойынша, олардың көз жұмуына улы газ себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954093-symkentte-qoqys-konteinerinen-korpege-oralgan-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel