Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырылған атыс қарулары табылды

Опубликовано:

Қару
Фото: Polisia.kz

Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырылған атыс қарулары табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қаруларын тапқан.

"Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында Калашников маркалы бір автомат, Streamer маркалы бір бірлік травматикалық тапанша, бір дана оқжатар мен шулы жарық бір граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтар бойынша сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды", - дейді Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Тараз қалалық полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Құзырлы орган адам есімі де жасырын болып қалатынына кепілдік беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954229-tarazda-qarausyz-qalgan-gimarattan-zasyrylgan-atys-qarulary-tabyldy-video/

jitsu gif