Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті (фото, видео)
Опубликовано:

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Оқиғаның мән-жайын "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан фото және видео пайда болды. ҚТЖ баспасөз қызметі 1 ақпан күні сағат 13.55 - те Мойынты-Сары-Шаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында 12 жүк пойызы істен шыққанын хабарлады.
Ол бидайға толы болған. Оқиғаның себебі - вагонның бүйір жақтауының сынуы. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр.
Бір жолда пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954245-qaragandy-oblysynda-zuk-poiyzynyn-12-vagony-relsten-sygyp-ketti-foto-video/