Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Орда" базарының маңындағы көпірде BMW көлігі аударылып кетті (видео)

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

"Алтын Орда" базарының маңындағы көпірде жеңіл көлік аударылып кетті. Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол апатының орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жолда аударылған BMW көлігін байқауға болады. Жазба авторы шетелдік маркалы көлік көпірде жол апатына түскенін айтты.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиға 2 ақпан күні таңертең Қарасай ауданы "Алтын Орда" базарының маңында болғанын растады.

"Алматы-Бішкек автожолының 18 шақырымында BMW жүргізушісі рөлмен басқарылатын көпірге кіре берісте металл жақтауға соқтығысқан. Кейіннен көлік көпірде аударылып кеткен. Жол апатынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы зардап шекті, олар Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлік тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мұнда ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге мүліктің бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) әкімшілік іс қозғалғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954258-altyn-orda-bazarynyn-manyndagy-kopirde-bmw-koligi-audarylyp-ketti-video/

pixel