Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте түрмеге сүттің арасына тығып сәлемдеме жіберген азамат ұсталды

Опубликовано:

Сүт
Фото: otyrar.kz

Шымкент тұрғыны тыйым салынған затты қоюлатылған сүтке жасыру арқылы түрмеге беріп жібермек болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласының тұрғыны ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатқан туысына сәлемдеме бермек болған.

Алайда, тексеріс барысында қоюлатылған сүттің ішінен тыйым салынған зат табылған.

Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, екі бөтелке қоюландырылған сүттен ерекше иіс байқалыпты. Бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, сараптама жүргізілген.

Сондай-ақ, бұған дейін сотталушының атына келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде дезодоранттың ішінде жасырылған зарядтау құрылғысы бар ұялы телефон табылған екен.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес тиісті құжаттар жиналып, сотқа жолданған. Сонымен қатар, азамат 10 АЕК көлемінде айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік арқалайды.

Аталған факт СДТБТ-де тіркеліп, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен тиісті тексеру жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954266-symkentte-turmege-suttin-arasyna-tygyp-salemdeme-zibergen-azamat-ustaldy/

pixel