Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі жантүршігерлік қылмыс: 52 жастағы ер адам ұсталды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында коқыс контейнерінен табылған әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, тергеу тобы сол күні бейнекамераларды тексеріп, тұрғындардан жауап алған.

"Соның нәтижесінде 1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындап отыр", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетері, 1 ақпанда Шымкент қаласының тұрғыны қоқыс контейнерінен жанынан өтіп бара жатқанда әйелдің мәйітін көрген. Оны көрпеге орап, үлкен ала сөмкеге салған.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдан қатты шошынып қалғандарын айтады. Тіпті, балаларды қоқыс төгуге жіберуге жүрексініп отырмыз дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954436-symkenttegi-zantursigerlik-qylmys-52-zastagy-er-adam-ustaldy/

pixel