Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауа райына байланысты республикалық жол жабылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазавтожол" ЖШС-нің БҚО филиалына сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметінше, 3 ақпан күні жергілікті сағат 12.30-дан бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-Ресей Федерациясы шекарасы (76-104 шақырым, Тасқаладан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған.

Аталған аралықта күшті жел салдарынан бұрқасын көтеріліп, жолдың көрінуін қиындатып тұр.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК 3 ақпан күні облыстың кей жерлерінде көктайғақ, тұман болып, желдің күшейетінін хабарлаған болатын.

Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті дауылдық ескерту жариялап, тұрғындарға абай болу қажеттігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954454-bqo-da-aua-raiyna-bailanysty-respublikalyq-zol-zabyldy/

pixel