Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында көпшіліктің көзінше қыз алып қашпақ болғандар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Алып қашу
Видеодан кадр: t.me/vtvs_taraz

Жамбыл облысы Шу қаласының теміржол вокзалында қыз алып қашпақ болғандарды куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Болған жайтқа қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео "В Таразе всегда солнечно" Telegram каналында жарияланған.

Кадрдан бір топ адамның бойжеткенді көлікке мінгізгенін, бірақ бойжеткеннің қарсыласып, айқайлап жатқанын көруге болады.

"Қызды алып қашып жатыр. Мен видеоға түсіріп алдым", - дейді куәгерлердің бірі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың сөзінше, тәртіп сақшылары видеоны зерттеген.

Осыдан кейін мән-жайды анықтау үшін жігіт пен қызды аудандық полиция бөліміне шақырған. Олар бірге жұмыс істейтінін және кездесіп жүргендеріне 6 ай болғанын айтқан.

Белгілі болғандай, бойжеткен Шуға жігіттің ата-анасымен танысуға барған. Алайда сүйіктісі оны бірден келін етіп түсірмек болған екен.

"Ол жігітінің үстінен шағым түсіруден бас тартты. Қазір олар қыздың үйіне ата-анасымен танысу үшін және қазақ дәстүрі бойынша бата алу үшін кетіп барады", - дейді өңірлік полиция департаментінен.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954609-zambyl-oblysynda-kopsiliktin-kozinse-qyz-alyp-qaspaq-bolgandar-videoga-tusip-qaldy/

pixel