Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде өрттен 5 жасар қызы мен ұлы қаза тапқан жанұяға қатысты дерек шықты

Опубликовано:

1
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде түтінге тұншығып, өртенген үйден шыға алмай қалған бүлдіршіннің отбасына жерлестері көмек қолын созып жатыр. Мамандар балалардың өмірін жалмаған өрттің қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты. Тоқ жүріп жатқан сым есіктен өтеді, есіктің топсасы, төбесі өртенген. Сол шоқтар линолеумға түскен, әрі қарай түтін пайда болған", - дейді облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Асқар Төлешов.
2
Фото: NUR.KZ

Қайғыдан қан жұтқан отбасының төрт бала тәрбиелеп отырғаны хабарланды.

Қаралы оқиға тіркелген күні ата-анасы жұмыста болған, ал үлкен балалары мектепке кеткен.

3
Фото: NUR.KZ

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, отбасы қазір ата-анасының үйінде тұрып жатыр. Жергілікті атқарушы орган қысқа мерзімде үйді демеушілік тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

"Қаралы отбасы ата-анасының үйінде тұрып жатыр, олар көрші тұрады. Жергілікті атқарушы орган қысқа мерзімде үйді демеушілер тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырамыз. Қазір "Шапаған" қорынан материалдық көмек көрсетіледі", - дейді Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов.
4
Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, осыған дейін Қобда ауданының Қызылжар ауылында бір үйдің бес жастағы егіз балалары түтінен иіс тиіп, бақилық болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954667-aqtobede-ortten-5-zasar-qyzy-men-uly-qaza-tapqan-zanuyaga-qatysty-derek-syqty/

pixel