Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы тәртіпсіздік: Қызметтік көліктерді өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Опубликовано:

1
Фото: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде қызметтік көлікті өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5 қаңтарға қараған түні Таразда Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының жанында 11 полиция көлігі зақымданғанын, оның жетеуі өртенгенін атап өтті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202 (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және 272-баптары (жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс - шараларының нәтижесінде күдіктілердің бірі - Жуалы ауданының бұрын сотталған 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Ол көліктерді зақымдауға белсенді қатысып, олардың бірнешеуін жеке өртеп жіберген. Содан кейін ағаш таяқпен қаруланып, тұрғын үй кешеніндегі банк әйнегін сындырды", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954674-tarazdagy-tartipsizdik-qyzmettik-kolikterdi-ortedi-degen-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy-video/

pixel