Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен жас жігіттер ұсталды

Опубликовано:

қару жарақ дүкенін тонағандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кетті деген күдікке ілінген екі жігіт ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы Алматыдағы жоғары оқу орындарының екі студенті бөтеннің мүлкіне қол сұқты деп айыпталуда.

"Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары. Олар 20 жаста. 6 қаңтарға қараған түні қару-жарақ дүкенін тонауға қатысып, ол жерден қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған.
Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасуда", – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Спикердің айтуынша, ұсталғандардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954748-qantar-oqigasy-almatyda-qaru-zaraq-dukenin-tonady-degen-kudikpen-zas-zigitter-ustaldy/

pixel