Ақмола облысында гаражда өрт шығып, алты көлік жанып кетті
Опубликовано:

6 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласындағы модульдік үлгідегі гаражда өрт шығып, алты көлік жанып кетті.
Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті өз Instagram парақшасында хабарлады.
"Ағымдағы жылдың 6 ақпанында сағат 08:08-де Щучинск қаласында модульдік блок-контейнер түріндегі гаражда өрт шықты, ғимарат жалпы ауданы 290 шаршы метр болатын 4 металл контейнерден тұрады.
Өрт 08:47-де ауыздықталып, 09:22-де сөндірілді. Өрт салдарынан "Газель" маркалы 6 автомобиль жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД 20 қызметкері мен 4 техника шықты.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігін ескертеді",- делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954882-aqmola-oblysynda-garazda-ort-sygyp-alty-kolik-zanyp-ketti/