Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент полицейлері бұрынғы жұбайын тонаған Түркістан тұрғынын ұстады

Опубликовано:

Полицей
Фото: Түркістан облысы ПД

Шымкент полицейлері бұрынғы жұбайын тонаған түркістандық азаматты қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Тұран-2 шағын ауданының тұрғыны арызданған.

Арызданушының айтуынша, ол жұмыс орнында болған уақытында бұрынғы некедегі күйеуі келіп, мойнындағы 170 мың теңге тұратын алтын алқасын тартып алып кеткен.

Аталған арыз бойынша Қаратау АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде, 35 жастағы түркістандық тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955012-symkent-policeileri-buryngy-zubaiyn-tonagan-turkistan-turgynyn-ustady/

pixel