Алматыда 20 шақты көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болды (видео)
Опубликовано:

Бүгін таңертең Алматыда Жароков көшесінің бойында 20 шақты көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазбалар Kris.p.almaty | Official Telegram парақшасында пайда болды.
Онда жол апаты әл-Фараби даңғылынан төмен Жароков көшесінің бойында болғаны айтылады. Куәгерлер бірнеше көліктің дабыл белгілері қосылып тұрғанын видеоға түсіріп алған.
Олардың сөзінше, шамамен 20-ға жуық көлік соқтығысқан.
Сондай-ақ, кадрдан оқиға орнында жүрген басқа да куәгерлер мен тәртіп сақшыларын аңғаруға болады. Бейнежазба авторлары қалада жол тайғақ екенін ескертіп жатыр.
Олар барлық автокөлік иелеріне сақ болуды ескертіп, әл-Фараби даңғылына қарай шықпау керектігін айтады.
NUR.KZ тілшісі бұл жайтқа қатысты пікір алу үшін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
Айта кетейік, Алматыда 7 ақпанға қараған түні қар жауған еді. Синоптиктер Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін де ескерткен болатын.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955084-almatyda-20-saqty-koliktin-qatysuymen-zappai-zol-apaty-boldy-video/