Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 42 жастағы әйел жиырма күннен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

1
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында 42 жастағы әйелді жиырма күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөліміне жоғалған әйелдің жұбайы арызданған. Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлерінен арнайы топ құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстарының ауқымы кеңейтіліп, барлық облыс, қалаларға әйелдің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фотосуретімен бірге жолданды.

Түркістанның полицейлері әйелдің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Осы тұста із-түзсіз жоғалған Арайлым Қасымханқызын аман-есен тауып, отбасына қайтару үшін оны танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса, тез арада полицияға хабарласуларын сұрайды.

Арайлым Қасымханқызы 20 қаңтарда сағат 01:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған. Жоғалған әйелдің үстінде ақ түсті күртеше, сұр түсті жемпір мен қара белдемше, аяғында қара түсті етік болған.

Арнайы белгілері: бойы 155-160 см, арық денелі, шашы қара. Іздеу жарияланған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса, Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне 8-(725)-363-90-02, 3-25-03, 3-34-61,8-747-933-19-85, 8-702-640-64-59 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955329-turkistan-oblysynda-42-zastagy-aiel-ziyrma-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/

pixel