Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулік ішінде 114 жол апаты болды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оңтүстік астанада 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні 114 жол апаты тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзінше, өткен тәулікте болған 16 жол апатынан 26 адам зардап шеккен.

Оның сөзінше, жауын-шашын жолдағы жағдайды қиындата түседі, салдарынан жол-көлік оқиғалары 2 есе көбейеді.

Дегенмен, ол ең басты фактор жүргізушінің тәртібі екенін атап өтті: жолда мәдениеттілік таныту, жол қозғалысына қатысушыларды құрметтеу және жол қозғалысы ережелерін сақтау.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы қалада қар жаууына байланысты мегаполис тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған еді.

Сонымен қатар, еліміздің Ішкі істер министрлігі де ауа райының нашарлауына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955401-almatyda-bir-taulik-isinde-114-zol-apaty-boldy/

pixel