Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бір жарым жасар бала киімнің замогын жұтып қойған

Опубликовано:

1
Көрнекі фото: pixabay.com

Көпсалалы Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір жарым жасар сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бала киімнің замогын жұтып қойған. Баланың тамағына кетіп қалған замок ешқандай зарарсыз шығарылды. Операцияны бірінші санатты эндоскопист Елена Пермитина жасады.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", – деп хабарлады облыстық көпсалалы балалар ауруханасынан.

Дәрігерлер ауруханада мұндай бөгде заттарды жұтып қоятындар көп келетінін айтты. 

Бұл аккумуляторлар, тиындар, моншақтар, жаңғақтар, тұқымдар,түйреуіштер, магниттер, ойыншық көліктердің дөңгелектері екен. 

Оның үстіне мұндай заттарды өңеш, асқазан, көмей, құлақ, мұрын және бронхтан ғана емес, тіпті анустан да алып тастауға тура келген жағдайлар болған.

Медицина қызметкерлері ата-аналардан жауапкершілікті күшейтіп, сәбилерін мұқият қадағалауды сұрайды. Өйткені, олардың абайсыздығы баланың өмірін қиюы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955586-aqmola-oblysynda-bir-zarym-zasar-bala-kiimnin-zamogyn-zutyp-qoigan/

pixel