Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пышақ жарақаты бар: Кафеде сөзге келіп қалған екі атыраулық жұрт алдында жаға жыртысты

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау қаласында кафеде сөзге келіспей қалған жігіттер төбелес шығарды. Жанжалдың соңы пышақ жарақатымен аяқталған, деп хабарлайды Polisia.kz

4 ақпан күні 01:30 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінде 37 және 41 жастағы екі ер адам өзара келіспей, жаға жыртысқан.

Төбелестің соңы біреуінің медициналық мекемеге түсуімен аяқталды. 41 жастағы жергілікті тұрғынның 37 жастағы азаматтың іші мен кеудесіне үшкір зат тығып алғаны белгілі болды.

Дене жарақатын алған ер адам Атырау облыстық аурухасына жеткізілген.

Бұған қатысты №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері пікір білдіріп, күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Оның пышағы айғақ зат ретінде тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталған дерек қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркеліп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955656-pysaq-zaraqaty-bar-kafede-sozge-kelip-qalgan-eki-atyraulyq-zurt-aldynda-zaga-zyrtysty/

pixel