Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта қазақстандық туристі көлік қағып кетті

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны Вероника Бычкованы Таиландта көлік қағып кетті. Ол ауыр дене жарақатын алған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вероника Бычкованың анасы Лариса Мельникова "Nur Otan" партиясының Алмалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлміне жүгінді.

Оның айтуынша, көлік апатының салдарынан оның қызы ауыр дене жарақатын алған, ал "Interteach" сақтандыру компаниясы қолданыстағы халықаралық сақтандыру шарты бойынша талаптарды орындаудан бас тартып, туристке ешқандай жәрдем көрсетпеген.

Ал үш күндік емдеу мен операцияға емхана 6 мың доллар шот шығарды. Қазақстандық туристке сүйектерді қалпына келтіру үшін 2 шұғыл операция жасалды, тағы үш операция өткізу қажет. Алайда ауруханада мұндай операцияларды жүргізу үшін мамандар мен арнайы құрылғылар жоқ.

Верониканы басқа клиникаға тасымалдау да қиындық туғызып отыр. Алматыда "Nur Otan"-ның қалалық мәслихаттағы депутаты Зәуреш Өмірбаева мен нұротандық, заң консультанттары палатасының мүшесі Нұрлан Слямов СІМ-ге тиісті хат жолдап, көмек көрсетуге кірісті.

Сондай-ақ, туристтің барлық қолжетімді шарттары мен медициналық құжаттары зерттелді. Бүгінгі күні партияның Алматы қалалық филиалы сақтандыру төлемдерін өндіріп алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Барлық іс-шаралар сенімхат пен өтеусіз негізде жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955689-tailandta-qazaqstandyq-turisti-kolik-qagyp-ketti/

pixel