Алматыда үш бірдей автобус соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Автобустар соқтығысты
Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматыда Райымбек даңғылында үш бірдей автобус соқтығысып қалды. Жол апатына қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде үш қоғамдық көліктің соқтығысып қалған видеосы тарады.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін, 11 ақпанда шамамен сағат 10:30-да болған.

Yutong Bus маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Сөйтіп рөлде отырған азамат алдында кетіп бара жатқан SAZ маркалы автобуспен соқтығысуға жол берген.

"SAZ маркалы автобусы алған соққыдан бір бағытта кетіп бара жатқан азамат Р. басқарған Yutong маркалы автобуспен соқтығысқан", - дейді Алматы ПД Тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Желіде жарияланған видеодан автобустардың бірінің алдыңғы әйнегі сынғанын байқауға болады.

Полицияның мәліметінше, жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955753-almatyda-us-birdei-avtobus-soqtygysyp-qaldy-video/