Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлыма қарайлап жүрші": Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейдің жары мен досына жазған хаты жарияланды (фото)

Опубликовано:

Ален мен оның жанұясы
Фото: Ұлмекен Мақашевтің жеке мұрағаты

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция аға сержанты Ален Асылхановтың жары Ұлмекен Макашеваға және досына жазған соңғы хатының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұм полицейдің жары Ұлмекен Макашева сүйіктісінің соңғы хатын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Онда Аленнің әйелін жақсы көретінін айтқаны, ал досынан ұлына қарайлап жүруін өтінгені көрсетілген.

Айта кетейік, Ален Мұхитұлы Асылханов 1993 жылдың 15 наурызында өмірге келген. Бір үйдің жалғыз баласы. Ол 5 қаңтар күн бүлікшілердің шабуылынан қаза тапты. Аленнің артында ата-анасы, жары мен бір жарым жасар ұлы қалды.

"Сүйіктімнен қапыда айырылып қаламын деп ойламаған едім. Отау құрған үш жылдан аса уақытта бір-бірімізге дауыс көтеріп те, тіпті ренжісіп те көрген емеспіз. Арамыздағы сезіміміз ерекше еді. Тек бір-біріміздің қасымызда көбірек болсақ, уақытымызды бірге өткізсек дейтінбіз. Отбасылық өміріміз тек бір-бірімізді жақсы көрумен өтті. Енді өзімді жетім қалғандай, ешкімге керек емес күйде сезініп жүрмін.
Оның өмірден өткеніне бір айдан аса уақыт өтті. Күнде кешке елеңдеп, есік жаққа қарай беремін. Таңертең жұмысына кетіп, кешке келетін сияқты әсерде жүремін", - дейді Аленнің жары Ұлмекен көзіне жас алып.

Мемлекет басшысы бұған дейін Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жақындарына көңіл айтып, наградалар тапсырған еді. Марқұм Ален Асылханов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Ален
Хаттың түпнұсқасы. Скриншот: Ұлмекен мақашевтің жеке парақшасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955775-ulyma-qarailap-zursi-qantar-oqigasy-kezinde-qaza-tapqan-policeidin-zary-men-dosyna-zazgan-xaty-zariyalandy-foto/

pixel