Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда пәтерден бірнеше күн нәр татпай, ауырып, аш-жалаңаш отырған 4 бала табылды

Опубликовано:

баланың аяғы
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының еріктілер тобы Екібастұздағы пәтерлердің бірінен жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатқан 3-7 жас аралығындағы төрт баланы тапты. Олардың бірнеше күн тамақ ішпегені, ауырып, өздігінен жүре алмай қалғаны анықталған.

Еріктілер бұл жайт туралы Екібастұз қаласы әкімдігінің хабарламасынан білген. Еріктілердің айтуынша, әкімдік олардан көп балалы отбасына көмек көрсетуді өтінген.

"Біз отбасына көмек ретінде өзіміздің қордан және демеушінің арқасында азық-түлік, жаялық және жуынатын заттарын жинап алып, апарып бердік", - деп жазды "Vita" еріктілер қозғалысының өкілдері Instagram парақшасында.

Пәтерге келген еріктілер жантүршігерлік жағдайдың куәсі болған. Олар лас үйде ауырып, жүре алмай қалған төрт баланы тапқан. Бір қыздың іші ісінген, тағы екі ұл баланың аяқ-қолы буынынан шыққан. Еріктілердің мәліметі бойынша, балалардың жасы үш, төрт, бес және жетіде.

Сондай-ақ еріктілер үйде ішерге ас табылмағандықтан балалар үш күн бойы нәр татпағанын анықтады. Олар көшеге шықпаған, тәрбие-білім алмаған және өздеріне жақындаған адамдардан қорыққан.

Сондай-ақ олардың төртеуінде де киерге киім-кешек пен аяқ киім болмаған. Еріктілер пәтерге жедел жәрдем қызметін шақырып, балаларды қолына түскен нәрселермен орап алып, анасымен бірге ауруханаға жеткізді.

Аталған факті бойынша Екібастұз қаласының білім бөлімі 9 ақпанын кұні Екібастұз қаласының қорғаншылық органдарының мамандары ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатқан көпбалалы отбасын анықтағанын хабарлады.

"Тексеру барысында пәтерде антисанитария, жәндіктер, азық-түлік жоқ екені анықталды. Кәмелетке толмаған балалар-денсаулығы нашар, өздігінен қозғалмайды. Анасының айтуынша, Отбасы Екібастұзға Қалқаман ауылынан келген. Балалар емханаға тіркелмеген, балалардың мүгедектігі анықталған жоқ. Бұрын отбасы Төртқұдық ауылында тұрған. Балалар Ақсу қалалық ауруханасына тіркелген", - дейді білім бөлімінде.

Қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары өз қаражаты есебінен шұғыл түрде тамақ өнімдері мен сабын жуу құралдарымен көмек көрсетті.

Балаларды жуындырып, таза киім кигізді. Анамен балаларды медициналық тексеру және әлеуметтік көмек тағайындау туралы келісімге қол жеткізілді. Қамқоршылық бөлімінің мамандарының өтініші бойынша еріктілер азық-түлік пен киім-кешек әкелді.

Балалар анасымен бірге Екібастұз қалалық ауруханасына, содан кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, "Павлодар облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ КМК инфекциялық стационарына бір отбасынан шыққан төрт бала коронавирустық инфекциянының белгілері бар госпитальға жатқызылды. Балалар физикалық даму тұрғысынан артта қалғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955804-ekibastuzda-paterden-birnese-kun-nar-tatpai-auyryp-as-zalanas-otyrgan-4-bala-tabyldy/

pixel