Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер күзетшінің көлігін мініп кетіп, өртеп жіберген

Опубликовано:

Мұратбек Пернебеков
Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде автобустар мен полиция автокөліктерінен бөлек, жеке тұрғындардың да көліктері бүлінген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Түркістан" сарайының күзетшісі Мұратбек Пернебеков 5 қаңтар күні түнгі ауысымда болған. Мәдениет үйін қиратқан бүлікшілермен алысып жүргенде оның сыртта тұрған автокөлігін бұзақылар айдап кетіпті. Мініп кеткенімен қоймай, кейін оны өртеп жіберген.  Автокөліктің ішінде несиеге төлейін деп қойған жүз мың теңге ақшам, сырт киімдерім түгел жанып кетті дейді.

"Қандай бір көмек беретін шығар енді, бұл жалғыз көлігім ғой. Мекемені өртеніп кетуден қорғап жүргенімде өзімнің көлігімнен айырылып қалдым",- дейді ол.

Мұратбек Пернебековтің көлігі Шымкенттегі айып тұрақтарының біріне қойылғалы айдан асты. Мұнда тағы үш көліктің қаңқасы тұр.

Еске салайық, жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер қалада 8 ірі нысанға от қойып, қиратып, айтарлықтай шығын келтірген. Соның алтауы - әкімшілік мемлекеттік ғимарат.  Бұзақылар автобустарды да өртеп, жараланғандарға жәрдемге келген 7 жедел жәрдем көлігіне де зақым келтірген.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955811-symkentte-zappai-tartipsizdik-kezinde-buliksiler-kuzetsinin-koligin-minip-ketip-ortep-zibergen/

pixel