Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда өрт кезінде пәтерден үш бала табылды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: Sputnik/ Константин Чалабов

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде көліктегі полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

11 ақпанда екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Қара түтін лезде бүкіл подъезге жайылып, үй тұрғындары өз бетінше сыртқа шыға алмаған.

Өртті дер кезінде байқап қалған көліктегі полицейлер тез арада балаларды эвакуациялап, өрт сөндіруге арналған құралдың көмегімен қызыл жалынды сөндіруге тырысқан.

Полицейлер пәтерлердің бірінен үш баланы тапқан. Олардың жанында ересектерден ешкім болмаған. Тәртіп сақшылары балаларды далаға алып шықты.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін алты полиция қызметкері барлық тұрғынды эвакуациялап, қайғылы жағдайдың алдын алды. Сонымен қатар олар өрт басқа пәтерлерге шарпымау үшін тиісті шаралар қабылдаған.

Полиция басшылығы батылдық танытып, ерлік жасағаны үшін өз қызметкерлерін ынталандырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955825-mangystauda-ort-kezinde-paterden-us-bala-tabyldy/

pixel