Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көлік қағып кеткен бірінші сынып оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде Lada маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші сегіз жасар баланы қағып кетті. Оқушы қазіргі таңда жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының алғашқы күндері Lada-219010 автокөлігінің жүргізушісі сегіз жасар баланы қағып кеткен. Көлік тізгінінде 30 жастағы ер адам болған. Жол апаты "Бауырластар-2" тұрғын үй кешені аумағында оырн алды.

"Жолда кедергі не қауіп төнген кезде жүргізуші көлік құралын тоқтату немесе кедергіні қауіпсіз түрде айналып өту үшін шара қолданбаған. Нәтижесінде, жолдың көлік жүретін бөлігінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған бірінші сынып оқушысын қағуға жол берген", - деп түсіндірді ІІМ.

Көлік қаққан бала ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда облыстық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сай, бүгінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955832-aqtobede-kolik-qagyp-ketken-birinsi-synyp-oqusysy-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel