Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте жүзден астам жол апаты болды

Опубликовано:

Қала
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте жүзден астам жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, өткен тәулікте елордада 114 жол апаты тіркеліп, салдарынан бір адамның зардап шеккені анықталды.

"Жүргізушілерді аса сақ болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, тежегішті аяқасты баспауға, қашықтықты сақтауға, сондай-ақ патрульдік полиция талаптарын орындауға шақырамыз. Сондай-ақ, көлікті жолдың жиегінде қалдырмауды және қар тазалайтын техникаға кедергі келтірмеуді сұраймыз", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков.

Тәртіп сақшылары көлікті көше бойына қойып, тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955885-nur-sultanda-bir-taulikte-zuzden-astam-zol-apaty-boldy/

pixel