Қызылордада көкөніс алып келе жатқан жүк көлігі өртенді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысында көкөніс тасып келе жатқан жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 13 ақпанда сағат 22.00 шамасында "Самара-Шымкент" тас жолының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы тұсында болған. Сол уақытта жергілікті өрт сөндіру бөлімшесіне көкөніс тиелген "ГАЗель" жүк көлігі жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер сағат 22.25-те барған. Жүк көлігінің алдыңғы бөлігін жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 22.40-та толығымен сөндірілді. Көкөністің біршама бөлігі аман.

Болжам бойынша өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт көліктің қозғалтқыш бөлігінен бастап шыққан", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956024-qyzylordada-kokonis-alyp-kele-zatqan-zuk-koligi-ortendi/