Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біреуі көз жұмды: Алматыда үш адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен шетел азаматы ұсталды ма

Опубликовано:

Алматы облысы
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматы облысы Іле ауданы үш адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол көлік оқиғасы 7 ақпан күні Жапек батыр-Комсомол тас жолында болған.

Шетелдік көлікті тізгіндеген жүргізуші үш ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан "табанын жалдыратқан".

Іле аудандық полиция басқармасы жол апаты салдарынан бір адамның көз жұмып, екеуінің дене жарақатын алғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жедел іздестіру кезінде күдіктің жеке басы анықталып, ұсталған. Ол көрші елдің азаматы, дейді тәртіп сақшылары.

Аталған жағдай қылмыстық кодекстің 45-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, полицейлер Өзбекстан азаматының жол көлік оқиғасынан кейін Түркістан облысына қашып кеткенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956031-bireui-koz-zumdy-almatyda-us-adamdy-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketken-setel-azamaty-ustaldy-ma/

pixel