Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда ауыл тұрғынының ауласынан қару-жарақ табылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Жамбылдық полицейлер қару жасырған Меркі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды.

Пакеттерден "Калашников" маркалы 1 автомат, 3 травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

"Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған тұлғаның қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын тағы да ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі",-делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956102-zambylda-auyl-turgynynyn-aulasynan-qaru-zaraq-tabyldy/

pixel