Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жүк көлігі аударылып, 2 тонна жанармай төгілді

Опубликовано:

жанармай
Көрнекі фото: forumdaily.com

Қарағандыда бензин тасымалдаған көлік аударылып, 2 тонна жанармай жолға төгілді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Абырой болғанда, жүргізушісі дін аман. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумаққа көбік шашып, қызыл жалынның алдын алды.

Ал жергілікті полиция қызметкерлері бензин төгілген аумақты оқшаулады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында көкөніс тасып келе жатқан жүк көлігі өртенгенін хабарлаған едік.

Оқиға 13 ақпанда сағат 22.00 шамасында "Самара-Шымкент" тас жолының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы тұсында болған. Сол уақытта жергілікті өрт сөндіру бөлімшесіне көкөніс тиелген "ГАЗель" жүк көлігі жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

Болжам бойынша өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт көліктің қозғалтқыш бөлігінен бастап шыққан", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956427-qaragandyda-zuk-koligi-audarylyp-2-tonna-zanarmai-togildi/

pixel