Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 18 адам донерден уланып қалды

Опубликовано:

Донерден уланып қалды
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында тұрғындар донерден жаппай уланып қалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған жайт 29 қаңтар күні тіркелген.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегіне сәйкес, зардап шеккендер Бесағаш ауылындағы кафелердің бірінде түскі ас ішкен. Ал кешке өзін нашар сезіне бастаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі ("санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда жаппай ауруға, жұқтыруға, адамдардың сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Кафеге қосылған донер сатушылар елдің санитарлық-эпидемиологиялық әлеуеті саласында рұқсат етілген құжатсыз жұмыс істеген. Сондай-ақ, онда санитарлық ережелердің талабын бұзудың бірқатар фактісі анықталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956445-almaty-oblysynda-18-adam-donerden-ulanyp-qaldy/

pixel