Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК еліміздің екі өңірінде арнайы операция өткізді

Опубликовано:

Күдікті
Фото: ҰҚК ресми сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада есірткі құралдарын өсіруге және сақтауға қатысы бар үш қазақстандықтың жолын кесті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, процессуалдық іс-шаралар барысында "гидропоника" әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 кг кептірілген марихуана алынды.

Сонымен бірге, 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірдегі есірткі тобының өкілдері ұсталған. Олардың екеуі Саран қаласының тұрғыны болып шықns.

Фото
Фото: ҰҚК ресми сайты

"Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 кг гашиш пен 52 кг марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деп хабарлады ведомстводан. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу материалдары Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) тіркелген.

Фото
Фото: ҰҚК ресми сайты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956583-uqk-elimizdin-eki-onirinde-arnaiy-operaciya-otkizdi/

pixel