Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да браконьерлар инспекторлардың қызметтік көлігіне оқ атқан (видео)

Опубликовано:

Браконьерлер оқ атты
Видеодан кадр: facebook.com/EcologyofKazakhstan

16 ақпанда Батыс Қазақстан облысы "Охотзоопром" өндірістік бірлестік инспекторларына екі браконьер қарсылық көрсетіп, қызметтік көлікке оқ атқан. Абырой болғанда, адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ресми Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, инспекторлар барлау кезінде Казталов ауданы Жұлдыз кенті аумағында қарда жүріп-тұруға арналған "Боран" маркалы көліктің ізіне түскен.

Алайда браконьерлар қорықшылардың пәрменіне құлақ аспай, Toyota маркалы қызметтік көлігіне белгісіз қарудан шамамен 10 рет оқ атқан.

"Көліктің алдыңғы дөңгелектері жарылып, бампері зақымдалған. Инспекторлардың табельдік қарудан ескерту ретінде оқ атқандарына қарамастан, браконьерлер Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Новоказанка ауылына қарай ізін суытқан", - дейді министрліктен.

Оқиға орнына Казталов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956647-batys-qazaqstan-oblysynda-brakonerlar-inspektorlarga-oq-atty-video/

pixel