Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай су қоймасынан бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

Опубликовано:

Балық
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында орналасқан Қапшағай су қоймасынан бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, Сергей Петренконы бір айдан астам уақыт бойы құтқарушылар, туыстары мен еріктілер іздеген.

15 қаңтар күні ер адам Қапшағайдағы "Голубой залив" демалыс аймағында балық аулап жүрген.

Таңғы сағат 4-тер шамасында оны мұздақта ағыс тартып кеткен.

Сергеймен бірге тағы екі балықшы болған, алайда сол күні құтқарушылар оларды судан шығарып алды. Ал 1980 жылы өмірге келген марқұмды тікұшақпен іздесе де таба алмаған.

Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жеткізді. Белгілі болғандай, марқұмның денесін бауыры тауып алған.

Қазіргі кезде Қапшағай қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінен жоғалған балықшының табылғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956819-qapsagai-su-qoimasynan-bir-ai-buryn-zogalyp-ketken-balyqsynyn-denesi-tabyldy/

pixel