Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша баланың зардап шеккенін хабарлады

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік.
Алматыдағы тәртіпсіздік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер арасында балалар да болған. Кәмелет жасына толмаған екі балаға оқ тиіп көз жұмса, тағы 7 бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Бауыржан Байскеркиннің сөзінше, төтенше жағдай кезінде медициналық көмекке жүгінген 2 мыңнан астам адамның 177-і қайтыс болған.

"Станционардарда 6 адам емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш-үш науқастан жатыр. Олардың бірі ауыр жағдайда, оған оқ тиген, ем қабылдап жатыр", - деді спикер.

Байсеркиннің сөзінше, қаңтар оқиғасы кезінде балалар да зардап шеккен.

"Еліміздің үш өңірінде кәмелет жасына толмаған балалар зардап шекті. Алматыда екі бала оқ тиіп қаза тапты, әртүрлі оқ жарақатын алған 7 бала ауруханаға жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың төртеуі Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында тіркелген. Сондай-ақ, Алматы облысында газ шашу кезінде бір аяғы ауыр әйел зардап шекті", - деді Байсеркин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956820-dsm-qantardagy-tartipsizdikter-kezinde-qansa-balanyn-zardap-sekkenin-xabarlady/

pixel