Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды

Опубликовано:

қария
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Атырау облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылғанын растап отыр

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында 65 жастағы зейнеткердің 29 қаңтардан бері іздестіріліп жатқаны БАҚ беттерінде жарияланған.

Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында тұрған зейнеткер 28 қаңтарда кешкі сағат 19:30 шамасында үйінен шығып кеткен.

Оны сүңгуірлер Жайық өзенінен іздеді. Ол нәтиже бермеген соң зейнеткерді іздеуге көкпаршылар қосылды. Ал 6 ақпан күні із-түзсіз жоғалған зейнеткерді іздестіру жұмысына тікұшақ тартылды.

Ведомство қазіргі уақытта тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956871-atyrau-oblysynda-iz-tussiz-zogalgan-zeinetker-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel