Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысып қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Бүгін, 20 ақпанда Қостанай облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысып қалды. Көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Пешковка ауылынан бес шақырым жерде сағат 6:20-да болған.

Полицияның анықтауынша, симафонның тыйым салынған белгісінде қозғалған Volvo жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі пойызбен соқтығысуға жол берген.

"Жол апаты салдарынан Volvo жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алып, Федоров аудандық ауруханасына жеткізілді", - деді полициядан.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде 19 ақпанда жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысып қалған еді. Салдарынан жеңіл көліктен өрт шығып, салонда отырған үш бала өртеніп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956977-qostanai-oblysynda-poiyz-ben-zuk-koligi-soqtysyp-qaldy/

pixel