Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан жолаушы көз жұмып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 20 ақпан күні шамамен сағат 08.00-де Орал-Атырау жолының 207-шақырымында болды.

"Жүргізуші "Тойота Альфард" автокөлігін басқара алмай, аударылып қалуына жол берді. Жол апаты салдарынан екі адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Жолаушы - 1986 жылы туған азамат жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957021-bqo-dagy-zol-apaty-bir-adam-koz-zumyp-ekeui-auruxanaga-zetkizildi/

pixel