Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуі бала": Талдықорғанда көлік өртеніп, төрт адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорған қаласында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған бала, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қайғылы жағдай 18-қаңтар күні болған.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство мәліметінше, Талдықорған қаласында "Субару Импреза" автокөлігі жол апатына ұшыраған.

Ілияс Жансүгіров көшесімен келе жатқан жүргізуші қаланың шетінде рөлге ие бола алмай, салдарынан машина аударылған. Көліктің оқиға орнында өртке оранғаны белгілі болды.

"Оқиға орнында екі адам мерт болды",- деді Алматы облыстық полиция департаменті.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, екі кәмелет жасына толмаған бала қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда олар жансақтау бөлімінде қаза тапты.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957076-ekeui-bala-taldyqorganda-kolik-ortenip-tort-adam-koz-zumdy/

pixel