Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Кадр: Polisia.kz ұсынған видеодан алынды

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 37 жастағы күдікті өзіне қарсы тұра алмайтын, 60-тан асқан әйелдерді ғана тонаған.

Кей жағдайда оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полицияның дерегінше, ұсталған азамат - Түркістан облысының тумасы, Алматыға жұмыс істеуге келген. Ал қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957142-almatyda-egde-zastagy-aielderdi-tonady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel