Павлодарда тереңдігі үш метрден асатын құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды
Опубликовано:

Павлодарда тереңдігі үш метрден асатын құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлауынша, 19 ақпан күні орталық өнеркәсіп аймағындағы жылу оқшаулағыш құдыққа жергілікті тұрғын құлап кеткен.
"Құдыққа құлаған 35 жастағы әйелді құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар қолдана отырып, шығарып алды. Әйел бірден дәрігерлердің бақылауына берілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Әйелді құтқару жұмыстарына 5 адам жұмылдырылған.
Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы ақпарат берді.
"Асқазан мен ішектен қан кеткен. Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Одан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды. Ол жансақтау бөлімінде бір тәулік болды", - дейді ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957147-pavlodarda-terendigi-us-metrden-asatyn-qudyqqa-qulap-ketken-aiel-qutqaryldy/