Атырау облысында жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, жол көлік оқиғасы кеше, 21 ақпанда тіркелген.

"Атырау-Орал тас жолының 35-шақырымында екі көлік соқтығысты. Ресей Федерациясында тіркелген "ВАЗ-11183" автокөлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші жолдағы арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан "DAF FT XF 105" жүк көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі Өзбекстан Республикасында тіркелген. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 2021 жылғы бала ауруханаға жеткізілді", -делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957293-atyrau-oblysynda-zuk-koliginin-qatysuymen-zol-apaty-bolyp-eki-adam-qaza-tapty/