Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі қатаң режимдегі колонияда тұтқындар жаппай төбелесіп қалды

Опубликовано:

Сотталушы
Көрнекі фото: Екатерина Эстер / nao24.ru

Шымкенттегі қатаң режимдегі колонияда тұтқындар жаппай төбелесіп қалды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің күшімен жағдай тұрақталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 ақпан күні Шымкент қаласында орналасқан ИЧ 167/2 қатаң режимдегі колониясында болған.

ҚАЖД баспасөз қызметінің дерегінше, тұтқындар бір-бірімен тұрмыстық мәселеге байланысты жанжалдасып қалған. Салдарынан алты адамның денсаулығына азғантай зиян келген. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауп төніп тұрған жоқ. Колония қызметкерлерінің күшімен жағдай бақылауға алынды, алайда қосымша Ұлттық ұлан бөлімшесі енгізілді. Жағдай сол күні тұрақталды.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ИЧ 167/2 мекемесіне тергеушілер мен прокурорлардың арнайы тобы келіп жетті. Іске қоғамдық құқыққорғаушы ұйымдар атсалысты",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957326-symkenttegi-qatan-rezimdegi-koloniyada-tutqyndar-zappai-tobelesip-qaldy/

pixel