Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда төрт көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда төрт көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті
скриншот: https://www.instagram.com/astana_sergek

Кеше, 22 ақпан күні, кешкі уақытта Нұр-Сұлтанда төрт көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан кадрлар astana_sergek Instagram парақшасы бөлісті.

Бейнероликтен көшенің жүріс бағытында бір-бірімен соқтығысқан екі көлік тұрғанын көруге болады. Сәл қашықтықта жол апатынан зардап шеккен екі көлік байқалады.

Оқиғаның анық-қанығын елордалық полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сейсенбі, 22 ақпан күні сағат 19:22 шамасында Hyundai автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Бұқар Жыраудан Орынбор көшесіне қарай жүріп, Subaru XV автокөлігімен соқтығысады.

Нәтижесінде инерция бойынша тағы екі Subaru Legacy және Chevrolet Malibu автокөлігі зардап шеккен.

Жол апаты салдарынан Hyundai жүргізушісі мен Subaru XV жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Subaru XV жүргізушісі мен Hyundai жолаушысы да жарақат алды. Бірақ оларды дәрігерлер толық тексергеннен кейін үйлеріне жіберді.

Қазір анықтау жұмыстары жүргізілуде.

"Полиция департаменті көктайғақ кезінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ және мұқият болуға шақырады", - делінген департамент хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957448-nur-sultanda-tort-kolik-soqtygysyp-eki-adam-auruxanaga-tusti-video/

pixel